Сезімімді жауапсыз қалдырдың
Сезімімді жауапсыз қалдырдың, Күттіріп, мені мұңға салдырдың. Саған ғашық болғанымнан не пайда? Мойын бұрмай кетіп қалдың басқаға. Әлі есімде жүр саған айтқан сөздерім, Сағыныштан жасқа толған көздерім. «Сені сүйем, сүйіп өтем өмірде, Тек қана мені ұмытпашы» дегенім. Білдім сенің біреуменен жүргеніңді, Көзім жетті, аударып алды көңіліңді. Жаздым, арнап саған бұл өлеңді, Қайтем енді? Қайғым менің көлемді! Жететіндей бөлене алмадым махаббатқа, Күндерім толы болды қайғы менен азапқа. Бағынамын бұл өмірдің заңына, Мақұлдаумен қабыл алам мұңын да. Алғашқы сүйгенім, махаббатым, аңсарым, Көз алмай, ұзақ уақыт келбетіңе қарадым. Қош, сау бол! Қалмады сөзім айтатын, Бұл жалғанда бірге болсақ деп қаладым! Мақсат ГАКАЕВ
| |
Просмотров: 738 | |