Мен саған ғашықпын
Мен сені көрдім-дағы ғашық болдым, Түсіріп күн сәулесін нұрға толдың. Күндіз-түн ойлап жүрмін, ұйқы көрмей, Жетеді сүйгеніме қашан қолым?! Көз салып қарай берем алдағыға, Жетсем деп бар тілегім, арманыма. Лапылдап жас жүрегім жанып барад, Шыдамай махаббаттың зардабына. Сүйемін, шын сүйемін мен өзіңді, Маған да дұрыс қарап, сал көзіңді, Жүрекке тыныштық бер, салмақ салмай, Аспанға теңей берме сен өзіңді! Бес жыл болды көңілім саған кеткелі, Ұнатқанмен қолым саған жетпеді. Қанша жалдап жүрегімнің жалынын, Неге саған айтқан сөзім өтпеді? Мұңы басты махаббат деген сезімде, Ынтық болып мен сүйемін өзіңді. Сүйесің бе, сүймейсің бе айтсаңшы, Күткен уақыт жалықтырып жіберді! Шын жүректен арналған бұл өлеңім, Егер болса менің саған керегім. Ғашықтықтан шын сүйемін мен сені, Бір жауабын береді деп күтемін! Мақсат ГАКАЕВ
| |
Просмотров: 788 | |