Бәрі де кеш
Мен сені ұқсатқанмын көкте Күнге, Жанымнан бурыл тартып өткеніңде. Наздана, күлімсірей ене бардың, Досымның от құшағын беттедің де... Мен сонда тағдырыма налығанмын, Ем таппай жастығымның тағынан тың. Қызғаныш астан-кестен заман болды, Нұр сеуіп Мәжнүн-ғұмыр бағынан Күн! Сол күннен бір қайрылмай кеткен едің, (Тағдырыма мен солай кектенемін) Айналады дүние өз осімен, Десем де зар-мұңымды төкпеледім... Үйленем деген едім...Анам күліп, -Балам-ау, керек ерге табандылық. Келінді әкел үйге жабам жаулық, Басыңа салмай тұрып заман құрық... Мен содан көше кезіп, қыр аттадым, Небір сұлу жеңгемнен сұратпадым. Бір сұлуға сөз салдым ниеттеніп, Табылмай жүргеннен соң ұнатқаным. Осылайша айттырып бардым қызды, Көнертпей көкке сүйреп салтымды ізгі. Жақындатқан секілді арамызды, Күш еніп жүректерге, қарқын бізді... Той күні белгіленді... Көңіл-жұмсақ, (Анам да шат болар-ау, келін жұмсап). Аққу да айдынынан ұшқалы тұр, Куәсі-бала шақтың көңіл тұмсап. Аждаһа кеудемдегі «аһ» ұрардай, Сағыныш қу басымды қатырардай, Жүргеніммен... Сен дағы жүргендейсің... Өкініп, өтінуге батына алмай... Өткеніңе өкінбе! Бәрі де кеш... Жастық-ғұмыр бермейді әліңе дес. Су бүркісең махаббат жүректегі, Жалын екеш басылар, жалын екеш! Ұмыт бәрін! Бәрі де кеш! Нұрлан ИСА, Шымкент қаласы.
| |
Просмотров: 773 | |