Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Сосын...Сосын.
Кем көресің білмедім, мені кімнен,
Жаңылтып жоспарымнан, сенімімнен.
Еріксіз қызғанамын ай жүзіңді,
Шуақ болып сүйсе егер, сені Күннен...

Әлі ынтық боп келем тоймай сынға,
Сен де мені қинауға тоймайсың да.
Сенің үшін махаббат-отқа күйсем,
Бір мезет жаның ашып ойлайсың ба?

«Үйленеміз жиырмаға толғаныңда»,- 
Деп жазып ем хатымның жолдарында.
Келдің. Кеттің. Өзгенің отын үрлеп,
Сонда сенің жауапсыз болғаның ба?

Таппастан жүрегімнің күйін, емін,
Түсіме ораласың жиі менің.
Дәл осы тағдырыңды болжаған кім?
Қазақтың қызы ғой деп сүйіп едім...

Сүйіп едім, сен оны сосын білдің.
Сосын білдің...
Күй кештік сосын бір түн!
Сосын...Сосын...
Мен қалдым бақ тілеумен,
Томағасын сыпырып тосын жырдың...

Сол жылы жаным, махаббатымды сезбедің.
Таусылмады әттең, өз демім..!
Қаламасам да,
Бақыты болдым өзгенің!
Ал, сен, құшағындасың өзгенің!

Нұрлан ИСА, Шымкент қаласы. 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 817 | Рейтинг: 0.0/0