Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Жырым мұңды, не себеп бұған, сiра?
Жырым мұңды, не себеп бұған, сiра?
Келеңсiздеу көлденең шығар сұрақ,
Бiлмеймiн өзiң жайлы жаза қалсам
Өлеңiм шыға келер жыламсырап…

Жай-күйiмдi жұрт қайдан бiлсiн менiң?
Жоқ, жарқыным, жүргем жоқ құр сүлдерiм,
Жүзiмде жасандылық жасырсам да,
Жүрегiм айтып қояр күрсiнгенiн…

Елемей қол бұлғаған сағым барын,
Ескермей ақылымның шағынғанын,
Ерiксiз сыйдырады сыйқыр сөзге,
Ессiз жүрек өзiңдi сағынғанын…

Ойыммен күн күрестi, ай алысты,
Ұлғайып та барады қаяу iшкi,
Шаттықсыз шумақтардан күдiктенбе,
Көрiнгiсi келдi деп аянышты…

Үмiт басым, тек жүрек құптамады,
Жыр жолдап, жамалыңа сұқтанады,
Жарығым, жiбердi ме жалықтырып,
Бiр жiгiттiң «жылаған-сықтағаны»?!

Сан сауалдан сансырап сұмдық есi,
Сыбағасы еткен бе, мұңды, үлесi…
Сенсiз өлең өрiлер өкiнiштен,
Жасыратын несi бар, шындық осы…

Тiлегенi жүректiң тек сен екен,
Жалтара алман «тұтқының» етсе бекем…
Қайтермiн, жырын сыйлап кетсе бөтен,
Жүрек пен Мен Сен жайлы қуанышты,
Жыр жазатын сол күнге жетсек екен!

Талап 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 819 | Рейтинг: 0.0/0