Ғашық сезім
Жалғыз ғұмыр жанымды шөлдеткенде. Мұңды сезім кеудемді тербеткенде. Бір-ақ күнде тәп-тәтті күйді кештім, Сені көріп жүрегім селт еткенде. Бақыт деген мүмкін сол ғашықтықта? Жүре алмайсың жүректен жасырып та. Бар болмысым өзіңмен бірге жүрер, Болсаңдағы қиыр шет қашықтықта. Өңім мүмкін, сен менің түсімдесің. Белгісіз бір тұнғиық ішіндесің. Жұмбақ маған сыр тұтқан әсем жүзің, Саған ғашық жүрегім тілінбесін. Боламыз ба біз бірге бұл жалғанда? Бірге жетсек алдағы армандарға. Сені ойлап жабырқау күй кешемін, Күн батқанда, бозарып таң атқанда. Жаным саған егіз боп жаралған ба? Раимов Ермек
| |
Просмотров: 759 | |