ТАМЫЗ АЙЫ
Білесің бе тамыз айының бас кезінде, Ажырамастай қосылып ек мәңгілікке. Құшағыңа алып, мені қатты қысқанда, Ақ моншақ боп жас толды ғой көзімде. Бірақ жаным сүйетініме сенбедің, Сенбеген соң сол сезімді білдірмедім. Біраз уақыт іштей жанып қиналдым, Бір күні сенерсің деп ойладым. Кезінде сені көру арман еді, Сол кездері түсінбедің сен мені. Ал енді күнде көрем дегенде, Жанымда бола алмадың, алыстадың әр сәтте. Бұл күндері сені қатты қаладым, Бар еді саған айтар сырларым. 3-4 күнің өтіп кетті сол қызбен, Қалған күнің өтіп жатыр жұмыспен. Өкінемін сені сүйіп қалғаныма, Біліп тұрып саған ғашық болғаныма. Өмір бойы енді жаным қиналамын, Көзіме жас алып сені еске аламын. Қолымда қалам емес енді шарап, Өзіңсіз өткен күндер енді тозақ. Жанымнан өткен кезде, күлерсің мүмкін қарап, Ал мен жүрем қайғырып сені ойлап. Махабббат жоқ бұл өмірде ағайын, Мен сіздерге мұны ашып айтайын. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған, Сүйе тұра менің жаным қиналған. Ұмытамын қашан сені мәңгілікке, Жүресің ылғи менің елесімде. Өтінемін түске кіріп мазалама, "Жалғыз сені сүйем" деп айғайлама. Білмедім сүйдің бе сүймедің бе, Ұмытпапсын сүйгенің Меруертті. Менің де сен секілді жүрегім бар, Ғашық болдым өзіңе жазығым ба. Ұмыту үшін сүйдің бе әлде мені, Соңында ойламадың, сүйіп қалар деп сені. Қайдан білем сезімі бар ма мүмкін, Келші десең қуана келер саған. Сүюдің өзі жаным сор екен, Махаббат мәңгілік ертегі екен. Бауыр басқан бір жанға қиын екен, Қанатынан айырылған құстай екен. Енді жаным мен ешкімге сенбеймін, Махаббат бар ма десе жоқ деймін. Сыңарынан айырылған аққу құстай, Жүземін айдын көлде жалғызсырай. Аспаныма мәңгілік бұлттар төнді, Жаңбыр жауар күркіреп күнде енді. Сүйгенімді тапсырдым бір құдайға, Бақытты бол сүйгеніңмен қайғырма. Анар
| |
Просмотров: 934 | |