Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Сезімімді саған деген түсіне ала ма өзгелер
Сезімімді саған деген түсіне ала ма өзгелер
Уақыт өте көзқарастар өзгерер.
Наз жүрегім сені жаным ұнатты
Ойым жоқ ед онан басқа көздеген. 

Ораламын бекем бол деп төзімге,
Сүйем деген сеніп сенің сөзіңе.
Екеуімізге ғана мәлім ғажайып,
Бөленеміз сезімге - екеуіміз кезіге.

Сен армансың маған түстей енгенсің,
Жаным сені сүйемін деп келгенсің.
Өмірімнің жазы болдың - күз кетпейтін жүрекке,
Мен өзіңді інкәрлікпен сүйем шын!

Тағдыр деген ғажайып қой, не сыйларын кім білген!?
Жылатқан да сол тағдыр, сол ғой тағы күлдірген!
Сені маған кезіктіріп, сені маған сендірген,
Тағдыр деген ғажайып қой не сыйларын кім білген!

Енді біздің арамызда сағыныш бар, сезім бар
Сүйем деген сөз бекіткен берік ғашық төзім бар.
Енді біздер бір болуды армандаймыз, жырлаймыз,
Енді біздің арамызда суымасын, сезім бар.

Жолдар ізі жалғап бізді сағыныштар қосылсын
Тағдыр берген жойылмасын тосын сый!!!

Алмагүл Абдолла 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 752 | Рейтинг: 0.0/0