Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Жараспадық
Жараспадық екеуміз, жараспадық...
Бақыт бізден бір жаққа адасты анық.
Ары ақтарып өткенді, бері ақтарып
кінә іздеп жан-жаққа алақтадық...
Күзгі сары жапырақ секілденіп
ұшып жатты сезімдер парақталып...

* * *
Қоштасайық екеуміз, қоштасайық...
Жасандылық жасауды тоқтатайық!
от басайық, демесек, шоқ басайық
бізді бөлген тағдырмен достасайық!
Қанша мерген болғанмен бақ жаңылса -
нысанадан кетеді оқ та тайып...

* * *
Жараспадық. Екеуміз жараспадық...

Дәулет 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 768 | Рейтинг: 0.0/0