Сені сағынсам
Сені сағынсам, жүрегім дүрсіл тауып, Көшкен бұлттар жауынмен бірге жауып. Сені сағынсам, табиғат айқай тартып, Әлемге келтірер үлкен қауіп. Өзегімде шомылған тәтті сезім, Жүрегімде орныққан тәтті сөзім. Сезімнің дәмі, ол балдың дәмі, Тәтті сөзім, ол сөздің мәні. Ойға батып отырсам, іздеймін сені, Сағынғанның белгісі, шығар енді. Көкейде байланған ойдың нәрі, Саған қарай айтуға жібермейді. Сені сағынсам, ұйқымнан айырыламын, Өзімнің бет пердемді танымаймын. Сені сағынсам, орнымнан тыным тапай, Өз өзімнен әркез жалығамын. Жалығамын, сағынумен өзім жүрсем, Қуаныштан әркез, сенсіз күлсем. Көкейіңде осындай ой бола ма? Айтшы айым, менсіз өзің жүрсең. Мына жүрек, сағынады, ойлайды, Мына жаным, сені таппай тұрмайды. Сен болмасаң қасымда, Сағынумен күндерім тоқтамайды.
| |
Просмотров: 793 | |