Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Балалық шағым
Балалық кезім, көкейде орнаған тәтті күн,
Алыстап кеттің ғой, неге маған келмедің?
Оралғым келеді тәтті мақпал күндеріме,
Мені жақындатып, болашығама жібердің.

Ұйықтамаған, жылап-күлген қызық күндерім,
Тығылыспақ ойнап, ай іздеген түндерім.
Балалық шағым өмірімнің тәтті айнасы,
Бала кезімнің өткенін, аз уакытта сезбедім.

Оралғым келеді, сағындым сені бала кезім,
Өмірдің ағысын сол уакыттан бастап сездім.
Қуаныш кулкі, маз мейрам ұмыт болғандай,
Тәтті күндерім менен алыстап тұрғандай.

Өмір қайта өзгеріп, ересекке жол бастадым,
Өткен күндерімді естелігіме тастадым.
Өмірдің тәтті ащысын үйреніп келем әлі,
Ересектің өмірі алыстамай келеді.

Қызық қой, бала кезде жас төгіп жылағаным,
Естен кетпес аталап, жүгіріп қуанғаным.
Атамның қасында ойнап куліп, жүгіргенім,
Кім біліпті осылай, балалықтың тез өтерін.

Балалық шағымды жазып отырмын параққа,
Балалық шағымды тастадым мен жыраққа.
Тәтті күндерді айтармын өзімнің бала шағама,
Тиянақты болар сұраққа да, жауапта!

Gabit 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 1135 | Рейтинг: 0.0/0