Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Өтінемін жыламашы!
Мөп-мөлдір жарқыраған көздің жасы,
Қиын болса да, өз өзіңді арқалашы.
Толқыған асау айрық теңіздей боп,
Өтінемін, ойға батып жыламашы!

Жыламашы, өтінемін жыламашы,
Көз жасыңды сұраусыз сұрамашы.
Құзға келіп, өз өзіңді итергендей,
Аспаннан қалықтап құламашы.

Жүрсің бе жасыңа, өзің сыймай,
Қамқор болғым келеді, жаныңа сай.
Жыламашы өтінемін, жыламашы,
Сен жыласаң, отырамын өзім қалай?

Не деген нәзік жансын, жасың іркіп,
Өтінемін жыламашы, жасты төгіп.
Сен жыласаң, нөсер қатты төгілгендей,
Менің жаным, денесіз көмілгендей.

Gabit 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 810 | Рейтинг: 0.0/0