Болашаққа ұмтылу
Болашақ ұлым менің қанымның жарты жұтымы, Өмірімнің жалғасы, дүниемнің тұнығы. Бас бермей, тас сындырмай менің арқа сүйерім, Әкесінің қатаймаған алға шапқан жүгені. Анасының қайталанбас көзбен өтер жұмағы, Атасының сағын басар күзет еткен қыраны. Әжесінің еркелейтін шөлін басар құмары, Отбасының жарқылдаған бой ұстаған тұмары. Болашақ қызым менің, әкесінің қуанышы, Жүрегіме нұрын шашар, көңілімнің жұбанышы. Аспан көкте ерік ұшқан қарлығышым, Жанұяның еркелеген ерік құсы. Анасының өмір бақи, бірге өтер сырласы, Әжесінің жылтыраған қол тимейтін сырғасы. Атасына күлкі берер, қол жетпейтін жылуы, Ағасының қолғабысы, жан аязының жылуы. Ұлым қызым сендерді ешкімнен кем қылмаймын, Бақытыңа аяқ басып, көсе көлденең тұрмаймын. Бақытыңды өзің табып, мейлі өзіңді табар, Жұлдыздар ұшып кетпей мәңгі серігің болар. Салихалы жарым, мен сені ренжітпеймін, Жанұяны ойран етіп, көзіңнен жас төккізбеймін. Сен мендіксін, ал мен саған сендікпін, Өмір деген көл бетінде, қол ұстасып жүзетін. Gabit
| |
Просмотров: 896 | |