Кешір мені.
Кешір мені жанарым кешір мені, Ұмыт бәрін мен жайлы есіңдегі. Құлазыған көңілді көтерем деп, Әуре болма таусылды төзім легі. Демегін неге бұлай өкпеледі, Өкпеледі деп кейіп сөкпе мені. Сол ақ қайың қасына жиі барғын, Өткен күннен шертерлік көп дерегі. Түсін мені жарығым түсін мені, Ақталғалы тұрғам жоқ кішіргелі. Түске енді тағыда түске енді, Ақ періштем кербездің мүсіндері. Өкінішті өткенім елес бүгін, Белгілі оралта алар еместігім. Еш шүбәсіз өзіңе сенген едім, Сезімімнің алдамшы еместігін. Сеніп едім сенгенім босқа бәрі, Мұңайудан жүрегім жосталады, Жасын кеуде жүрегі жабырқаған, Алданудан тағыда жасқанады. Ерхан
| |
Просмотров: 876 | |