Ұмыт мені,мен енді өзгелікпін
Ұмыт мені,мен енді өзгелікпін Байқадың ба мен сондай өзгеріппін Сені ұмытып екеуміз күткен күнге Өзім күткен күннен де тез келіппін Көрдің ғой бақыттымын өзіңсіз де Өмір сүре аламын сезімсіз де Сабырлыға жаратқан берер бақыт Не береді ойланшы төзімсізге Ұмыт бәрін өткенді естен шығар Сезім бұлттай көңілден көшкен шығар Сені ұмыттым шынымен ойламаймын Сол бір күндер көңілден өшкен шығар Анарка
| |
Просмотров: 907 | |