Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Мені сүйген ақылды тентегіме
Сені ойласам құлазиды көңілім,
Түсін,жатпыз болмайды бір болуға.
Мейлі менсіз өте берсін өмірің,
Тек түңілме,бәрі өзіңнің қолыңда.

Біздер дос ек сыр жатпайтын арада,
Түсінуші ек бірімізді біріміз.
Болмайды ғой сезім алмас мұнара,
Екі жүрек-бірі:ғашық, бірі:мұз.

Сүйдің мені ешнәрсеге қарамай,
Иә...иә...солай болды расымен.
Құшағыңа ап, қуанушы ең баладай,
Ал мен үшін бауыр басқан досым ең.

Сағынып ек кездеспеген күндерде,
Тұра алмадың маған мүлде сыр ашпай.
Сағынушы ек сөйлеспеген түндерде,
Құдай бізді жаратқан-ау мұңдастай.

Талай Өлең шимақтадың мен үшін,
Ақыным ең өзгеден артық көретін
Менің жалғыз жырым осы сен үшін,
Жақыным ең өзгеден артық көретін.

Сен білесің мен өзгені сүйемін,
Сол үшін де байламадың бағымды,
Сыздаса да мені ойлап сай сүйегің,
Білдірмедің, сезем сенің халіңді...

Данияр Айжан Алматқызы 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 837 | Рейтинг: 0.0/0