Мен әлі өзгеремін
Мен әлі өзгеремін, ұмытамын өткенді, Ұмытамын өткенменен, келмес қайта кеткенді, Алдандым мен сезімімнен, шатасқанмын білемін, Бірақ қазір ізі де жоқ сол сүрғалаң көктемнің. Таныстырды сары автобус, кешкі ызғар кезінде, Болып тұрдым, үмытпасам мен ренжулі сезімде, Тақалдың сен сығылысқан, адамдардан өзгеше, Байқап қалдың, мөлдіреген жас тұрғанын көзімде.. Қызықтың ба, аядың ба, құшақтадың тым ыстық, Менде сол сәт, мүмкүн сендім, көрсетпедім қарсылық, Беймәлім мұң болғандайын, көп қарадың жүзіме, Мен жасқанбай, жауап беріп, көрсетіппін жас қылық... Міне сол сәт, Наурыз айы сегізінші жүлдызы, Себепкері, оқиғаның - менің көзім; сол кездегі, Тым мүңлы, Неге сонда бұрылып мен, сенен алыс кетпедім, Қазір отыр жүрегімде өкініштің шың құзы. Біраз уақыт өтіп жатты, жүрдік біздер жарасып, Доспыз дедік өзгелерге, сезімдермен таласып, Иә сонда ойладым мен боламыз деп шын достар, Ойламаппын қаламыз деп, махаббатпен санасып.. Біраз уақыт өз-өзіммен арпаластым, тырыстым, Жүрегімнен есіміңді бір әріптен жұлыстым, Әттең, сонда сезіміммен күрескенде қаттырақ Қалар ма едім, сендей жанның бар екенін үмытып. Бірақ, бірақ қазір менде бір тілек, Сол.. Ұмыту сол адамды, келіссе егер бүл жүрек, Қанша қиын болса да мен түбегейлі өзгерем, Қаламым мен ақ парағым, жалғыз маған сол тірек.... Акерке Серик
| |
Просмотров: 993 | |