Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Махаббат пен достық
Бұдан көп күн, елес болған миллиондаған жыл бұрын
Уақыт екен артық көрген пенде сезім құлдығын. 
Қара бұлттың тасасында жасырынып тұрды күн,
Қатал сезім шалқып тұрған,
Сатқындықты артық қылған
Пенде түгіл, сезімдер де шығарыпты сырлы үнін.
Жүрген кезде ол қоғамда сезімдер де торығып,
Махаббат һәм достық бір күн қапты күтпей жолығып. 
Өр махаббат өзін артық көрген әркез өзгеден,
Достық деген сезім барын бұл заманда төзбеген.
Сөйтіп кербез махаббатың былай сынап айтыпты:
-«Беу, достығым, күшке иесің көтеретін қай жүкті,
Мен жүргенде барлығы да сөзі құрып қаймықты, 
Өз ойыңмен бақылап қал:
Менікі бұл атыраптар,
Адам деген ақымақтар
Таңдайды әркез сені емес, мен секілді байлықты.
Сондықтан да қала берем сенің бітпес сорың боп,
Кесіп тұрар әрқашан да түкке тұрмас жолыңды от. 
Қадірі жоқ бұл қоғамда,
Ашылмайды құлпы одан да
Шын сезімнің. 
Сол себептен сендейлерге орын жоқ.»
Сабыр сақтап, адалдықты артық қойған бәрінен,
Нұр жинаған адамзаттың рухани нәрінен,
Жүрген жері ғажап түрде көркеятін шырай кеп,
Достық сонда жауап қатты махаббатқа былай деп:
-«Қызық екен алға қойған өркөкірек дерегің,
Адам – орман, сен олардың жаңа өскен терегін
Тамырымен жұлып алар қарқыны мол жел едің.
Мен жай ғана сен жылатқан жанарлардың қасына
Күлкі әкеліп, шын қуаныш сыйлау үшін келемін.
P.S
Ғашықпын деп қателесіп, көңілдерді жылатпа,
Көптің жайын табам демей, тек жалғызға тұрақта. 
Шын сүйдім деп махаббатқа бас ұрасың жүз мәрте,
ШЫН ДОСТЫҚТЫҢ БІРЕУЛІГІН ҰМЫТПАҢДАР БІРАҚ ТА!

Есет Төлеш 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 1010 | Рейтинг: 0.0/0