Бағалау
Тіршілікте ақ тер-көк тер алқынба, Көңілі қалып ұрынбаған салқынға. Ақ қайыңдай жаңа ғана бүрлеген, Ұнатамын аңқау, адал қалпыңда!.. Өкінішің болмаған соң өткенде, Секілденіп секем алғыш көп пенде... Дүниеге қарамайсың күманмен, Сен сенесің аузыңды ашып көктемге. Армандарың құлатпаған құзынан, Күндеріңнен күтетінің қызық ән. Әсем, әрлі мың бояудан тұратын, Балаң,балғын үмітіңе қызығам... Сезімдерің мөлдір шықтай таматын, Мөлтілдейді бағың сонда жанатын... Шыр-пыр болып маңайыңда ұшып жүр, Періштелер қағып әппақ қанатын. Тіршілікте ақ тер-көк тер алқынба, Көңілі қалып ұрынбаған салқынға. Ақ қайыңдай жаңа ғана бүрлеген, Ұнатамын аңқау, адал қалпыңда!.. Мұратхан Шоқан
| |
Просмотров: 784 | |