Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Қыраулы күн
Қыраулы күн!
Сырласудың жөні кеп тұр-ау бүгін.

Сенің арқаң аппақ боп алап біткен,
Тазалығым орнап тұр қалап күткен.
Бірақ біз, біз адамдар қол жеткенді,
Бүлдіріп аламыз ә, ағаттықпен...

Ағартқан қара ағашты, қарағанды,
Мың айтам мұғжизасың дара мәңгі.
Өзіңдей болсам, әттең, күнәсынан,
Арылтып алар едім бар адамды.

Қайтейін саз бет дүние сазарса анау,
Мұң маған бар ғұмырды базар санау.
Өзгелер өзі білсін, әуелі өзім,
Өзіңдей әппақ болып тазарсам-ау!
Қыраулы күн!

Мұратхан Шоқан 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 853 | Рейтинг: 0.0/0