КЕЗДЕСКЕНДЕ
Қарлы аппақ әсем кеште кездескенде өзіңмен. Мына әлем жаралғандай болды таза сезімнен. Дүниедегі бар сұлулық, нәзіктік пен пәктілік, Көрініп тұрды барлығы да сенің жарқын жүзіңнен. Қасымда болсаң жүргендеймін гүлдер өскен жұмақта. Саған деген сезімімді, өтінемін, құлатпа. Махаббатым, сүйем сені, жоғалтудан қорқамын, Түсін менің көңілімді сүйгеніме кінә артпа. Періштемсің, ғашық етіп жүрегімнен жай алған. Бақыт қой маған көру сенің көздеріңді жайнаған. Сені сүйу ғарыштан да үлкен, тылсым бір әлем, Кеңдігіне жете алардай жаратылған қай ғалам! Раимов Ермек
| |
Просмотров: 791 | |