Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Жалғыз жүрек шын ғашық
Жалғыз жүрек шын ғашық,
Ғашықтықтан мың тасып.
Көнiлiмдi тербейдi,
Ащы қайғы мұң басып...
Ұрлаған ару ұйқымды,
Сұлу емес сүйкiмдi.
Жұмбақ бiрақ жүрегi,
Көрмейдi мына кейiпiмдi.
Сүйер жүрек, күйер жүрек мендегi,
Сенi көрiп көңiлiмдi тербедi,
Сен дегенде аяулым, жүрек шiркiн қарусыз,
Шын ғашыкпын өзiңе, сырлы,жұмбақ ару кыз!
Жүрек iшiн арманға, толтыру мен жыр сезiм,
Күн батса да, таң атса да, ойлайтыным бiр өзiң,
Сағынышым, қызғанышым, алтын гүлiм, асылым,
Жарық айым, шуақ күнiм, жүрек тербер ғашығым.
Түсiмде де, өңiмде де, бар арманым сен ғана,
Жас көңiлiм, топан теңiз жүрегiмде сен барда.
Амалсыздан күлемiн, амал тауып жылаймын,
Айтшы маған алтыным, қалай саған ұнаймын?

Berik 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 815 | Рейтинг: 0.0/0