Арманды алдан күттіріп
Арманды алдан күттіріп, Жылайды жүрек, езілем. Көңілімді көп ой күпті қып, Кеудемді ауыр сезінем... Сезімді жырмен ұштармын, Көмейді келмес құрғатқым. Қызғансам - ылғи дұшпанмын! Сағынсам - ылғи сырқатпын! Жылап та алып егілем, Шер айтып шабыт толғаса. Сағынғандығым сені мен, Көңілімнің хошы болмаса... Гүл жайнап көңіл алабым, Масайрап өтер өмірім. Жанымда болсаң - Жанарым- Көктемдей нұрлы көңілім! Сылқымдай сұлу көрінген, Жанардай нұрға боялдым. Көгершін көңіл төріңнен, Келеді мәңгі жай алғым..! Нұрлан ИСА, ақын.
| |
Просмотров: 766 | |