Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Бір болмадық неге біз?
Бір көргеннен ұнаттым ғой өзіңді,
Ұнаттым ғой мөлдір кара көзіңді.
Ұнаттым ғой еркелеп айтқан сөзіңді,
Қиялдадым, армандадым қимадым,
Бұл жалғанға мен өзіңсіз сыймадым.
Неге кеттік айырылысып екеуміз?
О, махаббат неге бізді қинадың-ау, қинадың,
Мейлі өтер күндер, өтер айлар жылдарда,
Бірақ қайтып біздер оралмаймыз,
Сол бір қызықты өткен жылдарға,
Амал барма, тағдыр бізді қоспады.
Бақыт таңы алдымызда арайланып тоспады,
Өтер уақыт, ұмыт болар барлығы,
Бірақ та мәңгіге ұмытылмайды екен ғой,
Сол бір жүректегі махаббаттың зар мұңы.

Азамат Намазбаев 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 732 | Рейтинг: 0.0/0