Қалайда жүрегіңнің құлпын ашам
Санамды билеп жатыр қайғы мұңым, Ойымның тереңінде сезім сырым. Шарқ ұрып шыға алмай қапастан, Жарқ еттің де жоғалдың менен бүгін. Көнеміз басқа түскен тағдырға, Кайтеміз сары уайымды сыйласа. Жас жаным қурап солып барады, Сырға толы жаны жырға тұнсада.. Сөзімді жүрсің бе әлде ұнатпай, Жанымның сені іздегенін түсіне алмай. Сезімге бола алмадым тосқауыл, Сел болып аққан мөлдір бұлақтай. Ақылға өз өзімді шақырып, Шырмалған ойлардан кете алмай құтылып Шатастым ба, адастым ба шарқ ұрып, Ойлардың арбауымен арпалысып. Жеңдім бе, әлде қалдым ұтылып, Жазғырып бекер жүрсің ол анық. Жазығым не екен менің соншалық, Мен үшін жаным енді білгейсің, Бәрі, бәрі кетті ұшып жоғалып.. Тағдырдың берер сыйы әлі алда, Азапқа салып бізді сынай ма.. Қалауын беріп жүректің ойлағанын Бақыттың құшағына орайма.. Білмедім қандай жан екеніңді де Мейірімді, әлде бірақ көкірексің бе? Әлде менің жүрегіме теңеу болған, Арман қылған аяулы періштемсің бе?! Түнеріп тұр ренжіп маған жас жаным, Қуаныштың орнына қайғы жұттым. Жарық күн де неге маған түнердің, Жылуыңмен жылытпай мені тоңдырдың. Жаңылдым бағытымнан адастым, Сені іздеумен талай-талай қыр астым. Жолда талай қызыққа қолды сілтедім, Қажеті не сенде ғой менің бақытым. Ес түссіз ғашық болдым мен өзіңе, Сені ойлап сызат түсті көңіліме. Саған деген махаббатқа шөлдедім де, Келіп сен нәр құйсаңшы жүрегіме. Жазамын жаза берем жырды әлі, Талай сыр тыным бермей мазалады. Үміт үзбей жүрмін ғой сенен әлі, Көңілімде, жүрегімде сенімен мәңгі. Тәңірім қайрап менің жігерімді, Жасқанбай жаза бер деп білеріңді. Жақсылықтан үзбе деп күдеріңді, Жұбатады мұңға толған жүрегімді. Ғашық болып жүрсің бе менің сыртымнан, Жан қалауы жүректен жыр құраған. Белді будым енді нар тәуекел, Қалайда жүрегіңнің құлпын ашам. Ашармын бәлкім жүректің кенін, Шарқ ұрармын жеткенше шамам демім. Тағдырдың тартуына дайынмын, Сыйлайды жүрегіме қымбат сыйын. Ғашығым қалай енді шыдап мен жүрермін, Сен дегенде өмірімді де берермін. Көз жасыма қанағаттанбасаң егер, Тәтті қанын құйып берейін жүрегімнің. Бұлақтай сезімдерім жылғадан аққан, Жырларым сен дегенде алып-ұшқан. Жас жаным да сен деп жаным құшақ ашқан, Періштем жүрегіңнің ешкімге бұйырмаған, Бұйырады бір күні кілті маған. Асыл жаным Мақпалға арналады Серик Байсеитов
| |
Просмотров: 839 | |