ЖАУРАТПАШЫ ЖАНЫМДЫ
Арманымды айшықтадың,жүрегімді тербетіп, Көңіліме ұялаттың ыстық сенім сен келіп. Тас жүрегім содан бері жылылықты үздіксіз, Алып келед ақ жүзіңнен жаным әлі сезініп. Көңілің де кіршіксіз-ау,мөлдірдейін тап-таза, Сезесін бе жаным сен де жылылықты мұнда да. Саған дейін салқын Сібір болған еді сұп-суық, Сен әкелген ыстық келді мен тұратын жаққа да. Сол жүректің иесі жаурайтын тек мен едім, Мұздағанда,әттең,нұрын шашпай қойды-ау жерге Күн. Сені келіп,жүрегімді жылытар деп ойладым, Бақ ішінде қатып тұрып,күттім,бірақ КЕЛМЕДІҢ!!! Онгалбаева Инабат
| |
Просмотров: 715 | |