Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Аманова Оразгүлге
Мөлдір көзің балдай тәтті тұнып тұрған бұлақтай.
Иіліп тұрған кірпіктерің жағадағы құрақтай.
Сені көрген әрбір жігіт қызғандырмай мені де,
Сезімдерге берілмей-ақ жүре алар ма ұнатпай?

Ұлпадай жұмсақ ұзын шашың теңіздің асау толқыны.
Әсем жүзің көңілімді қуанышқа толтырды.
Нәзік күлкің ерте атқан жаздың жұпар таңындай,
Бақыт сыйлап өміріме үміт құсын қондырды.

Ерекшесің, ешбір жанды ұқсатпаймын өзіңе.
Бір саған арнап жыр жазамын ақтарылып төгіле.
Іштегі сезім сөздерімді саған ғана арнаймын,
Бөлеу үшін бақытқа сені келгенмін ғой өмірге.

Раимов Ермек 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 721 | Рейтинг: 0.0/0