Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Мәңгілік
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес,
Бәрі өтіп, қалар ойда тек елес.
Әрбір жанның жүрегінің түбінде,
Өмірдің заңдарына бар егес.

Бұл өмірде өзімізді алдаймыз,
Жалғандықпен өмірді біз жалғаймыз.
Әрбір өткен күндерге есеп берсек,
Мәңгі өмір сүретін бір жандаймыз.

Көп жасаған білімпаз адамдарша,
Ақылды көлгірсіп үйретеміз біреуге.
Біреуге айтқан сол бір ақылымыз,
Кей уақытта жетпейді өзімізге.
 
Камалиева Күләй 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 793 | Рейтинг: 0.0/0