Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Қалай ғана есімнен шығарамын
Қалай ғана есімнен шығарамын,
Сүйіктімсің, алғашқы махаббатым.
Өмірде саған ұқсас жан таппаспын,
Сондықтан да жүрегімде қаласың.

Ұсындың сен маған тәтті сезімді,
Мен үйрендім күту менен төзуді.
Ақтарып сап алдыңда көңілімді,
Бірақ та сен түсінбедің жанымды.

Ойладым өткерсек деп ғұмырды бір,
Қиял жеткізбейтін шыңға апарар.
Өзекті өртеп бір жүрген күндер,
Мені аспаннан жерге түсірер.
 
Камалиева Күләй 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 848 | Рейтинг: 0.0/0