Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Жүрегіме мұң толды
Ұқпастан сенің сырыңды,
Жүрегім неге бұлқынды?
Қалайша басайын мұңымды?
Көңілім менің түңілді.

Сені қатты сүйдім ғой,
Махаббат отына күйдім ғой.
Қос аққудай болмадық,
Тағдыр солай жазған ғой.

Сезімім әлі сөнбей жүр,
Көңілім әлі көнбей жүр.
Періштем менің қайдасың?
Жүрегім сені іздеп жүр.

Күнде сені ойлаймын,
Түнде сені ойлаймын.
Сені қашан көремін деп,
Ай мен күнді санаймын.

Маған, жаным, суығаның ба?
Сөзімді жерге тастағаның ба?
"Жан досым" дегеніңе сендіріп,
Сонша уақыт мені алдағаның ба?!

Өткен күндер қол бұлғап,
Естелікке айналды.
Кеудемдегі көп жұмбақ,
Шешімін таппай қинады.

Тұла бойым өрт болды,
Тағдырым менің жат болды.
Өзімді тоздырып қайтемін?
Онсыз да жүрегіме мұң толды!
 
Мақсат ГАКАЕВ 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 760 | Рейтинг: 0.0/0