Сүю деген у екен, шекер екен
Сүю деген у екен, шекер екен Мойындау сүйгенді бекер екен Жанарынның мені өртер ұшқынына Найзағайдың күші де жетер ме екен ****** Сүю деген у да екен, шекер де екен Тәуәкелді пендені жетелеген Мені көріп дір еткен жүрегіңе Сілкінісі жердің де жетер ме екен ****** Сүю деген у да екен, шекер де екен Ұмытам деу сүйгенді бекер екен Жанарымды тұндырған мұң-шенеріме Күздің бұлтты аспаны жетер ме екен ****** Сүю деген у да екен, шекер де екен Сүйген жанға, сүйме деу бекер екен Махаббаттың қуаныш азабына Шын ғашықтай қай адам төзер екен Болат Аршагүл
| |
Просмотров: 961 | |