Аңыздағы ғашықтар
Бір күй бар сыр бойының құрағында, Толассыз арна ашар жыр ағынға. Сырғадай сыңғырлаған су күлкісі, Ойнайды сүйіктімнің құлағында. Өбеді беттен жылы теңіз лебі, Сүйіктім жанның сырмен егіз бе еді. Қалқыған айдындағы жалғыз аққу, Сыңарын білесіңбе неге іздеді? Есімде сыр бойында сырашқаның, Жас жүрек лүпіл қақты рас жаным. Екеуміз қос аққудай қатар жүздік, Әлдилеп пәк сезімнің көк аспанын. Бүгінде көп ойлаймын бұрынғыны, Тағдырдың бізге қашан жылынар үні. Біз сірә, ғашықтармыз аңызда, Мәңгілік аңсап өткен бірі-бірі. Нұрғали мырзахметов
| |
Просмотров: 843 | |