Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 21.06.2025

Өткен күндер еске түсіп тағы қатты қиналамын
Өткен күндер еске түсіп тағы қатты қиналамын,
Неге қас-қағым сәтте ғашық жаннан айырыламын.
МАхаббатты ойламадым,сезіміне мойын бұрмадым,
Жәй ғана сол жанмен ,ләззатына армандадым,

Қазір тағы мен отырмын өте уақыт кеш болғанда,
Ондай адал махаббаты қайта келсе баяғына.
Қателіктерді жібермеймін ,басқа жанға мүлде болмас,
Өйткені кеш түсіндім ақымақтың арқасында.

Бәрі бәрі менің кінәм азапталам қабіріңде,
Адал махаббатқа сенбей жоғалғандай мүлде мүлде.
Ер жігітті мен болсамда ,көзден аққан көз жасыма,
Тек қана сен тоқтатасың жүрегіңнің арқасында.

Сені жаным кездестірмеймін енді қалған өмірімде,
Әр адамға берілгендей біра-ақ бақыт көңіліне.
Бұдан артық сөз болмас қателігімді кім түсінер,
Ең бастысы сен болмасаң басқалары не істер?

Қалған өмір керек емес менің қасымда сен болмасаң,
Алға қарай жылжиды мәңгі бақи сен қалмассың.
Ажалым келмеседе бұл өмірден мен өтемін,
Қабір азабында жаным Қателіктерді түсінемін?
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 804 | Рейтинг: 0.0/0