БЕТІҢНЕН ИІСКЕП ОЯТАМ
Түн келіп түндігін ашқанда, Жасқанба, сәулем-ау, жасқанба! Күй ойнап жұлдыздан құралар, Алты әріп есімің аспанда. Түнгі жел бесікте тербетер, Алысқа шақырған шер де өтер. Тізіліп бір-бірін қуалап, Ақ жұлдыз – ақ нұрын селдетер. Мен сенен жаңа әлем аштым ба?! Қарамай дауылға, тасқынға. Ұйқыға кеткенде осылай, Аялы айлы түн астында. Жүзіңнен айлы түн күй ішпек, Жұлдыздар қалайша тиіспек?! Ұйқыда жатқанда баяу кеп, Оятам бетіңнен иіскеп. Zulkarnay
| |
Просмотров: 708 | |