Сен деген сезімнің ақыры!
Сен маған жолыққан шығарсың, Өткенді есіңнен өшір деп. Қаншалық сатқындық қылсаң да, Жүрегім тұрғаны-ай "кешір" деп. Сен бәрін әдейі жасадың, Сенімнің жарынан құлаттың. Үнсіз қап біздегі бар сәтте, Жанымды аяусыз жылаттың. Білемін,сүймейсің,қайтейін, Жан-дүнием барады өртеніп. Өзіңнің "жоқ" деген сөзіңнен, Тағдырым кеткендей теңселiп. Мен,бірақ,ақымақ емеспін, Алдай бер,осылай жылатқын. Мендегі сезімді ұққанда, Кешігіп қаласың бірақ тым! Сондықтан бәрін де доғарып, Еске алмай өткенді жүремін. Өкініп,өлердей жайым жоқ, ӨМІРДІҢ ЖАЛҒАНЫН БІЛЕМІН!!!
| |
Просмотров: 803 | |