Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

МЕН НӘЗІК ЖАНМЫН
Мен нәзік жанмын, әйелмін,
Жігіттерге басқаша бір әлеммін.
Аналарын өзгешелеу сыйлайды,
Дәстүріне қарасам да қай елдің.

Мен нәзік жанмын, ақынның жырымын,
Үлкен жүректің шертілмеген сырымын.
Әлемге көптік етпейтін,
Мұқағали айтқандай әдеміліктің бірімін.

Мен нәзік жанмын, бірақ мықтымын,
Миллиарттың арасынан шықты үнім.
Фариза тулатқан қаламымен,
Жайықтың толқындарынан жүктімін.

Мен нәзік жанмын, жыр-мекенім,
Кей кезде нөсердей селдетемін.
Бір қолмен бесік ұстап, екіншімен,
Поэзия өлкесін тербетемін.
 
Мансура Рақымқан 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 772 | Рейтинг: 0.0/0