Қыз қиялы
Сынып тағы сыңары қанатымның, Құшағында отырмын қара түннің. Жылайды жүрегімде жарасы мың, Сен едің өмірімде жанашырым. Сен мені тұңғыш сүйген,құшып тұрып Сол тауға сенсіз ылғи баратынмын. Сыбдыры естілсе де жәндіктердің, Мені іздеген сенбе деп қалатынмын. Сол кезде елесің кеп көз алдыма, Алаулап іштей бір сәт жанатынмын. Ойымда өзіңменен бірге жүріп, Өзімше әнге бірге салатынмын. Қиялым көкке ұшып, кеңге самғап, Ақыры ғашықтықтан талатынмын. Осылай жалған үміт құшағында Бүгін және ұйқысыз таң атырдым, Уладың неге сонша ойларымды? Сен неліктен мен үшін дара тудың? Мансура Рақымқан
| |
Просмотров: 773 | |