Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Романтика
Тынық бөлме, көздерде шамның шағылы
Райхан гүл иісі алып барады асау көңілді
Шашырап жұлдыз терезеде сәуле теңіздей
Діріл де нәзік кұштарлық келіп көмілді
Бокалда ұшқын үрпиді Айдың таралып
Сырлы жалтыр теңесіп сиқыр көздерге
Терезе жақтан әуенді жел бізге жол алып:
Ырғағы блюз,мүмкін джаз тұрған өзгерме
Күтер қолдар бір- бірін іздеп түйісті
Одан асқан ыстық та жоқ іңкәр денеге
Айнала кенет тыныш қалды,күй ұшты
Біріктірсе жанды тәнмен, дем еле
 
Дайырбек Әшірбеков 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 689 | Рейтинг: 0.0/0