ТҮС
Танысып ем өзіңменен тамыздың бір кешінде, Содан бастап уакыт шіркін өте берді өзгеше. Таң атқанда кеш батуын күтуші едім асыға, Сенің мөлдір көздеріңді көріп жүрек жай тапқан. Қасымда сен болғаныңда бәрін ұмытушы едім, Ғажайып бір түске еңгендей қуанышқа кеңелдім. Мен өзімді сол бір түстің ханшайымы болдым деп, Қасымдағы бір өзіңді ханзадам деп ұқтым тек. Солай уақыт өте берді ағынымен тоқтамай, Сол бір түстің кейіпкері болып жүрдік аңғармай. Қызықтыда қуанышты сәттер неге тез өтіп, Сағындырып артта қалат мәңгілікке оралмай. Қоштасар сәт біз үшінде келіп жетті бір күні, Қанша қиын болғанымен ертелі кеш келеді. Әрбір түстің ертегінің әр нәрсенің бір соңы, Біз үшінде келіп жетті ертегінің ең соңы. Семен өткен сол бір күндер ең ғажайып түс болды, Мыны менің өмірімде есте қалар сәт болды. Енді сені ешқашанда көре алмаймын бірақта Ризамын мен жолымызды тоғыстырған тағдырға
| |
Просмотров: 733 | |