Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Келсеңші сағынғанда
Сенсіз өмір өтіп жатыр зымырап
Таңдар атар, күндер батар бұлдырап
Сезімімді білдіретін құралым
Жырда емес, өлеңде емес бұл бірақ.
Жар саламын бір өзің деп баршаға
Айқайлаймын сүйемін деп қарлыға
Көрген жұрт жынды дер, десін мейлі
Түсінеді кей адам шалдыққан осы ауруға.
Келермісің,келермісің қайта сен
Сезімімді ақтарамын құлақ салшы тыңда мен
Тыңдашы жүрегімнің лүпілін сенің атың
Ендігі тоқтайды ол көп күттіріп келмесең.
Жаным-ау, келсеңші мен сені сағынғанда
Келсеңші тірі кезде, кеудемде жаным барда
Келсеңші сағынғанда, сағыныштың шымылдығы жабылғанда
Жетімсіреп жалғыз жүрек жылағанда, тоқтағанша.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 842 | Рейтинг: 0.0/0