Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Қазағымның қыздары ай
Айдай нұрлы қара көзді сүйкімді
Қыздарды ойлап бұздым талай ұйқымды
Қазағымның аруларын көргенде
Жүрегімнен нөсерлеген жыр туды

Қиылған қас еліктірер ажары
Жанды баурап жаулап алар сананы 
Қазағымның аруларын көргенде 
Көңіл тасып жүрек жанып барады

Қызғалдақ гүл Бәйшешек гүл 
Жайнап жатқан көп гүлдер 
Жаның сұлу тәнің сұлу 
Сұлусыңдар көпсіңдер
Күндей күлген қазағымның қыздары
Жүрегімді жалын отпен өптіңдер
Тербейсіңдер махаббаттың әніне
Шоқ шоқ гүлдер ұсынар ем бәріңе
Қазаңымның аруларын көргенде
Нар жігіттер бар жігіттер қарамайды ау әліне

Сезімімді төзімімді тауысқан
Қол созамын мен бәріңе алыстан
Қазағымның аруларын көргенде
Айды аламыз күнді аламыз теңеу жетпес ғарыштан 

Ойлай берем бұзып тағы санамды
Асқындырып жүректегі жарамды
Қазағымның аруларын көргенде
Ұқсатамын әжемменен ақ жаулықты анамды                  
 
Ербол Молдажан 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 885 | Рейтинг: 0.0/0