Бөтен той... болған оқиға
Күздің бір жылы күнінде, Үйлену тойға барған ем. Ұйқысыз өтті-ау түнім де, Кезігіп таныс жанға мен; Ақ фата көйлек, ақ мүсін, Басқа бір жанның қасында. Сенбісің менің бақ құсым, Сенбісің ....., расында?. Отырмын үнсіз, қараймын, Күлесің қарап біреуге. Сен едің жаным арайлым, Сендерге бәрін тілеуде... Шуылдап жатты бөтен той, Асаба жігіт саңқылдап. Түсіндім,сенсіз өтем гой, Сенсіз де сөнем жарқылдап. Ақ гүлдер төсеп жолыңа, Бақытым менің – бақыттым! Ұстаттым сенің қолыңа, Мендегі әсем жаһұт- мұң... 07.06.2010 ж. Тараз қаласы, 10:25 Өлеңді жазған: Маркенов А.А.
| |
Просмотров: 765 | |