Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Жүрек жайы мезгілдей ауыспалы
Жүрек жайы мезгілдей ауыспалы,
Жүректен қыс ызғары алыстады.
Жүрегімде қайғы мұң сейілгендей,
Өзіңізбен ару қыз танысқалы.

Көңілдің жібігендей мұздарыда,
Шыдаған әрең қайғы ызғарына.
Көңіліме көктемді тарту еткен,
Қуанамын қасымда сіз барына.

Нұр жайнап тұрғанында көзіңізде,
Қарап тұрып қалмастай төзім бізде.
Расында қалғандаймын ғашық болып,
Сұлу қыз тәнті болып өзіңізге.
Ернар 29.10.2012ж
 
Ернар Мұхтарұлы 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 730 | Рейтинг: 0.0/0