Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 10.02.2025

Қиял сезім
Сезбедім мен жүректен шыққан сезімді
Байқамаппын сол бақытты кезімді
Жүрегімнің түбіндегі бір түрткі
Уақыт өте сыздатып міне сезілді

Тұңғиық жатқан сезімім неге оянды
Ол сезімнің өмірі болды баянды
Сыздатып міне тыным бермей тәніме
Улатамын деп шақсада сезбей шаянды

Өмірімде сезімді бұлай сезбеппін
Жауабын іздеп ойыммен бұлай кезбеппін
Тағатсыздана құбылып мына ішімде
Мұншалықты сезіміме төзбеппін

Жанарыма жас келтіріп қинайды
Сол кезеңді уақытқа өткен қимайды
Қимағанмен амал барма шығатын
Есіне алып көзінен жасын тыймайды

Елжіретіп жүрегімен ойлайды
Қадалып кеп шаншылсада қоймайды
Азаптады сонша іштен тынардай
Ысырып жолдан тыңдамады талайды

Үмітін үзбей сапарда шекті алысқа 
Жетем деп оған озардай үлкен жарыста
Жолықпады кері қайтты сандалып
Жасыл боп өскен қисайды түзу қамыста

Азарда – безер өз шешімін таппады
Ақ сезімін шықпастай етіп жаппады
Күндер өтті жылдар өтті күтуде
Көз қырына үмітінде тақпады

Сабыр сақтап батады терең ойларға
Көңілін сонда шақырып басып жайларға
Тәубеге келді сонда ғана көңілі
Күн өткізді асықпады айларға

Тамшыдай ғана бір сезім булап ішімде 
Мұңңайып қана күтумен күнін кешуде
Еш шарасыз қалғанын бәлкім сезгендей
Ойлатып күнде әр таңның салқын кешінде

Бұл сезімім көңілге маза береме
Қуаныш сыйлап ол күнді күтсем келеме
Қашан бітер тағатсызданып күткенім
Болса егер жүйрік аттай желеме

Таң аттырып кеш баттырып лүпілдеп
Естеймба деп соғады жүрек дүкілдеп
Жоқ шықпады, көрінбеді, естілмеді
Қайдасың деп даусы шықты дірілдеп

Соншалықты шарасызбеді сезімім
Суымады неге ыстық көңілім
Мұз болардай суыса мына ақ көңіл
Бұл сезімдер қайдан шықты тәңірім

Сонда ғана түсіндім ең тереңді
Таса болса жібергендей кемеңді
Ең тереңде ең тұңғиық ол сезім
Не болсада қорғасын мәңгі денеңді
 
Жуманулы Равиль 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 819 | Рейтинг: 5.0/1