Тағдырмен тілдесу...
Қуаныш дейтін сыйыңды, Бермесең мейлі бермегің. Мен сүрініп жатқан да, Сен жымиып күлмегің. Арман еткен бағымды, Көрмесем мен ақ көрмейін. Жылатып ап жүрегімді, Жұбата алмай жүрмейін. Қыйнасаң өзгені емес, Қыйна мені өтінейін. Қыйын да ауыр жолын, Мына маған бер көтерейін. Қыйнамасқа бұдан әрі, Уәделессең тағдыр –ау. Баршаның мұңлы зарын, Жыйнап ап өмірден өтейін. Тоңдырсаң мені тоңдыр, Мұз боп қатып көрейін. Айыр бастап қайғысымен, Бақытымды тастап кетейін Бахытжан
| |
Просмотров: 807 | |