Ж...ға!
Шұғыла тектес шын көңіл, Шалқиды кейде, шарһ ұрып. Қуантпай кетер мұңды өмір, Серігін мәңгі ар қылып. Ұйқымды менің ұрладың, Күлкіңді менен жасырып. Сағыныш жырын жырладым, Жанарды ыстық жас ұрып. Қылығың тәтті балдан да, Жүрегімді алдың иемдеп. Оңаша үнсіз қалғанда, Сүймесең нең бар«сүйем» деп. «Пайдаланды» мені демеймін, Солай да шығар... дәл білмен. (Сыбағасынан жырдым көмейдің, Мұңаймасын деп әркімнен). Ермек те қылды дей алман, Ондайға сен де, мен де жоқ. Жүрегі аққа боялған, Жүргенбіз таза пенде боп... Жанымнан неге кеттің сен, Өзіңді қатты сүюші ем. Өтірік болсын бір күлсең, «Төбеңнен алтын құюшы ем»... Бір апта сенсіз қиналдым, Дауысыңды әбден сағына. Жалғызға ғана сыйған мұң, Шырынын құйды жаныма... Сендікпін толық жарқыным, Жүрегім сенсіз байғұс құр. Өзіңсіз өткен алты күн, Риясыз тура алпыс жыл... Басымнан көп сын өткердім, Ойымды саған бөлумен. Сезімді үнсіз шектелдім, Тірідей жерге көмумен. Өзіңе жаптым қақпамды. Енді қай әнді жырлайсың?! ...Қол жұмсауыма да сәл қалды. Әй, бірақ оған тұрмайсың... Елуге келген анам бар... ...Айтылар саған сөз жоқ па?!... ...Сүйе білмеген адамдар- Лайықты емес еш затқа! Нұрлан ИСА, ақын
| |
Просмотров: 784 | |