Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?!
Бірде біздер жұлдызша жарқыраймыз, Бірде біздер бұлақша сарқыраймыз, Бірақ та Ай көгіне қалқымаймыз, Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?! Махаббаттың жалынын шарпымаймыз, От құшақта именіп балқымаймыз, Кездескенде тек соны талқылаймыз, Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?! Бір-бірімізді қоспаймыз, жалқылаймыз, Шер тұтанар шілдеде қар бұлаймыз, Сезімдер – от, дегенмен алды – сай, мұз, Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?! Көрмесек жон арқадан аңдығаймыз, Түс көрсек те «Кетпе»-, деп сандыраймыз, Тек армандап, қауызда ән құраймыз, Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?! Қыңыр мінез, қылыққа сан шыдаймыз, Гүлге біткен оңаша тамшыдаймыз, Ғұмыры-аз, сабы бос-қамшыдаймыз, Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?! Қол айқасып, кірпікті шаншымаймыз, Әлсін,әлсін, еріксіз тамшылаймыз, Сары далада жем күткен аңшыдаймыз, Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?! Бірімізге-біріміз мәңгі ұнаймыз, «Өміріңді өзгерт»-,деп сән сұраймыз, Түрімізге қарамай тән сынаймыз, Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?! Нұрлан ИСА, ақын
| |
Просмотров: 934 | |