Жанна қыз
Сенің үшін жаралған жан едім мен, Ағын-төгін соққы алған әлемімнен... Қызметте құмартқан Жанна қыз-ау, Жан дүниемді баурадың сәлеміңмен. Қоймадым, Қол бұлғадым сағымға алдан, Көктем қайта келмесін бағымды алған. Боз бұтаның түбінде сені күтіп, Ақ қайыңның астында әнім қалған... Мақтадың, масаттандым. Сені сүйіп, өзіңнен азап та алдым. Сен Жанна, ұйпа-дауыл мазаққа алдың. Өлер едім сен үшін, ажалым жоқ, Дегенмен, соған дағы аз-ақ, қалдым. Жасасаң да сен мені қалыпты ермек, Мендегі махаббатты халық көрмек. «Жан бер»,- деп қинайсың ғой Жанна қыз-ау, Ойым жоқ жер астына барып келмек. Сен мені жас бала қып тағы айтасың, Ұялмастан «жүзікті алып бер» деп. Бара алмаймын жаныңа келмей күшім, Қыз ғұмыр мен ер көңіл тең деймісің?! Қиналғанда араққа зауқым кетер, Оны да жан-жарама ем деймісің?! Рас-сөзім, менікі-ақ махаббат, Әлі күнге Жанна қыз сенбеймісің?! Бақытымды жандырмас екен кім-ау, Қайғы-мұңға көңілім мекен мынау. Сүй мені басыңа шаң жуытпай, Бақытты етем Жанна қыз дегенмін-ау. ...Сүйгеніне сүйікті айналмаған, «Қарғыс атқан бозбала екенмін-ау». Ай, Жанна қыз, Жанна қыз, Бір емес пе, еді арнамыз? Қайғы-мұң кешіп жүрсек те, Жүрекке шіркін, салма сыз. Бақытты менен жан жоқ-ау, Екеуміз жайлы қалса аңыз... Нұрлан ИСА, ақын
| |
Просмотров: 839 | |