Алдамшы үміт
Өзгердім бе түс көрдім бе білмедім, Бақытыма жеткендей боп жүргендім. Арманыңа жете алмайсың бәрі бірде, Алдамшы үміт сен тағы үлгердің. Түн ұйқыға көпшілігі енгенде, Бір ғана мен көзді ілмедім. Шығыс жақтан таңым ата бергенде, Бей маза оймен күйзелдім. Үмітпенен сеніп әр күнге, Сенімімді оймен көмкердім. Арманы анық әркімге, Жасындай жарқын жүргеннің. Бақытқа бөлеп қуантқанда өзгені, Алдамшы үміт жұбатарын сезгендім. Сондықтан да жығылған да еңсемді, Құлатпауды құламауды үйрендім. Мұндарым мен арпалысқан түндерде, Ұйықтай алмай жастығыма сүйкендім. Ертеңімде ессіз жандай, Мең зең халде кейіпімнен өзгердім. Қанша күнім қанша түнім бар менде, Ойлана да ойлауды да білмедім. Үміт сөнбей жүрек соғып тұрған да, Бір той жасап қалуымды жөн көрдім. Бахытжан
| |
Просмотров: 782 | |