Ешкім жоқ
Жүрегім жылайды, бірақ неге? Кімге кінә артамын, айтшы кімге? Көзімнен қан да ақпайды, жас та ақпайды, Бірақ жүрек жылайды тоқтамайды. Өмір сүргім келмейді осындайда, Неге қиын бәрі де осындай ма? Өлсем тағы болмайды, сүрсем тағы. Жылайды жүрек мен өзім күлсемдағы. Жанымда анам, Басқа адам қалмағандай, Қалғандарын ит жалап жалмағандай. Ешкім жоқ басыңа күн түскенде, Ешкім қолын созбайды болжағандай. Сірә да керек қылмас ешкім мені, Қасымда болмады ғой ешкім тегі. Сол адамға жыласам болып тарам, Құдайым аубір адам, бір-ақ адам. Айдана
| |
Просмотров: 776 | |